Навигация

Информация

Отчеты

Шолаққарғалы селолық округінің 2014 жылғы 12 айда әлеуметтік – экономикалық даму қортындысы бойынша кешенді бағдарламасының орындалу туралы округ әкімі Б.Айнабектың есебі

Округ бойынша 3 елді мекен бар. Жалпы халық саны 6140, аула саны 1260, ұлт құрамы қазақтар -3929, 777- орыс, 26 -ұйғыр, 51- неміс, 960 -басқа ұлт өкілдері. Жалпы жер көлемі 21864 га, оның ішінде егістігі 5828 га, суармалысы 1695 га, 172 га, шабындық 15441 га, жер жайылымдық таза қоныс жерлерінің аймағы 523 га.Округ аумағында 2 соғыс ардагері 4 ауған соғыс ардагері 2 чернобльапатының зардаптарын жоюға қатысқан адам. 90 тыл еңбеккерлері, көп балалы отбасының саны 68, батыр аналар саны 24, алтын алқа -48, күмыс алқа-38, 560 зейнеткерлер бар.

Округ аумағында орналасқан мекемелер – 1 тігін цехы, 5-кірпіш зауыты, 4-құм тас шығаратын карерь, 1-құс фабрикасы, Техсан-Қазақстан инвест лампы зауыты, 1-техника жөндек бекеті, 2 май құю бекеті, 2- өндірістік каператив,1- жауапкершілік серіктестік, 4- халықты тамақтандыру орны, 2- дәріхана, 1-монша, 24-дүкен, дүкен мен шағын наубайхана бар, 456 шаруа қожалықтар бар.

0-6 жасқа дейінгі бала саны-696, 2013 жылы 137 бала дүниеге келген, қайтыс болған адам саны 75, округ көлемінде ана өлімі жоқ, осы мерзім уақтында атқарған жұмыстар бойынша тоқталып өтсек.

Бекітілген әкімшілік штаттық кестеге сәйкес округ аппараты мамандармен толықтырылды.Қаржылық қарым-қатынас құжаттары жасалды. Қажетті мекемелермен келісім шарт жасалып байланыс орнатылды.

Салық түсімдеріне келсек әлеуметтік экономикалық жоспарға сәйкес аса көңіл бөлінетін салық уақтысында жинау 2012 жылы жер салығының түсімі 769000 тенге болса бйылғы жылы жоспардағы 1 миллион 75 мын тенге жиналыс 100 пайызға орындалды.мүлік салығы 430 000 тенге болса 100 пайызға жиналып салық берешектері жабылды.

Білім саласына келсек 2 орта мектеп 1 орталау мектеп жұмыс істейді, онда-126 мұғалім 64 техникалық жұмысшылар жұмыс істейді.1125 оқушы, 66 сынып бар.мектептер 61 компьютермен жабдықталған. Округтегі 2 орта мектеп бірыңғай ұлттық тестілеуга қатысып ҰБТ қорытындысы бойынша Қасымбек мектебі 19 орынды Үмбетәлі мектебі 33 орынға ие болды.2013 жылғы оқу бітірген 53 баланың 1 ғана жоғарғы оқу орнына грантқа түскен. Жоғарғы оқу орнының ақылы бөліміне 18, арнай орта оқу орындарына 20 оқушы түскен. Мектептерге білім сапасын көтеруге барлық жағдай жасалған.

Денсаулық саласында 2 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік қосым бар, онда 2 дәрігер 10 орта буынды медициналық мамандар қызмет етеді. Компьютермен, санитарлық көлікпен қамтылған. Жаңа амбулатория салуға Қасымбек және Умбетәлі ауылдарыннан жер бөлінген. Үмбетәлі ауылындағы амбулаторияға газ қосылған.

Ауыл шаруашылығына келсек 3433 га жерге ауыл шаруашылық дақылдары себілді, және тиесілі өнім алынды. Округте ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жұмыстары жолға қойылған. Халықты азық түлік қамту мақсатында Қасымбек ауылнда 2 жылы жай көкөніспен өсірумен айналысады. Биылғы жылы 20 000 түп 40 000 тонна қызанақ 18 000 түп көшектен 36 000 тонна қияр өндірілді. Сондай ақ 2 га жерге көкалдандыру отырғызған шаруа қожалығында 6 адам жұмыс істеп табыс тауып жур.

Округтегі бар мал бойынша төмендегідей мал өнімдері өндірілді.

 

Көрсеткіштер /тонна/

2012

2013

пайыз

1

Өндірілген ет

770

775

100,6

2

Сүт

1540

1550

100,6

3

Жүн

23

24

100,6

 

Жұмытқа дана

448000

6100000

1361

 

 

100 басқа шаққандағы алынған төл

 

 

1

Ірі қара аналық

Бұзау

1206

85

2

Қой мен ешкі

Қозы

3617

85

3       

Жылқы

құлын

134

63

 

Мал ауруының алдын алу оларды емдеу мақсатында әкімдік аумағында 1 мал дәрәгерлік тірегінің меңгерушісі , 3 мал дәрігері, 3 санитар жұмы істейдй.сондай ақ қолдан ұрықтандыру жұмы істейді. Қасымбек ауылда 1 ауладан брутуллез ауру шығып шектеу қойылды, ветеринарлық іс шаралар жүргізілді. Малдарды бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп дерек қорына енгізілуде.

Орта және  шағын кәсіпкерлікті дамыту саласына келсек округтегі жұмыс істеп тұрған бес кірпіш зауыты орта есеппен 25 млн 800 мың дана кірпіш өндірді.

«Алматы –Сұңқар» құс фабрикасындағы 170 мың 308мың теңгені құрады. «Техсан Инвест Қазақстан» лампояка зауыты 165млн тенгені құрады. Қасымбек ауылындағы нан шығаратын шағын наубайхана орта есеппен 54750 дана, 2 млн 700 мың теңгенің нан өнімдерін өндірді.

Мәдениет және спорт саласына келсек, Үмбетәлі Кәрібаевтың мұражай ,ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Кітап қоры 18 мың дана.Ақынның 125 жылдық мерей тойына орай,мұражайға күрделі жөндеу т.б. іс-шаралар жоспарлануда. Атап айта Үмбетәлінің өлеңдер жинағының академиалық бір томы , таңдамалы өлеңдер жинағының бір том  жарық көрмек. Сондай-ақ мұражайды күрделі жөндеуге 100 млн тенге бөлінеді деп күтіледе. Ақынның бюстің көрнекті жерге орнату ақынның жаңадан табылған жәдігерлерін қайтару жұмыстары жоспарланды.

Қасымбек ауылында «Спорт клубы» жұмыс істейді. Күрестен облыстық дәрежеде өткізілген жарыстарды 3 бала бірінші орынды именденсе, 2 бала екінші орныды именденді. Жаттықтырушысы Чапаев Қанат.Шолаққарғалы орта мектебінің оқушысы Хуандаг Шалкар футболдан өткен Республикалық жарыста екінші орынды именденді. Осы мектептің мұғалімі Тортаев Жолаушыбай жастар және оқушылар арасында спортты дамытудағы қосқан үлесі үшін тамыз айында «Отан патриоты» медалы марапатталды.

Сондай-ақ Қасымбек ауылының волейбол командасы ауданның үш дүркін чемпионы.

Елбасының Жолдауына сәйкес балаларды балабақшасымен қамту мақсатында Қасымбек ауылында «Күншуак» балабақшасында 150 бала тәрбиеленуде.

Үмбетәлі мектебінің жанынан ашылған шағын орталық жұмыс істейді. Онда 25 бала тәрбиеленуде.

Үмбетәлі ауылындағы бұрынғы шаруашылық кеңсесін балабақша жасау жөніндегі ауыл тұрғындарының өтініші негізінде осы мекеменің басшысы жұмыстар жүргізуде.

«Мектепке жол» акциясына сәйкес қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, жеке кәсіпкерлер есебінен жетім және тұрмысы төмен 35 балаға 621 000 тенге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Әлеуметтік салаға келсек тұрмысы төмен отбасыларына мемлекет тарапына әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Көп балаы отбасына арналған жәрдемақы 10 жанұядағы 38 балаға 280192 тенге төленді. Үйден оқытылғын алты балаға 5235 тенге төленді. Денсаулық саласындағы 11 адамға 95205 тенге мәдениет саласындағы 7 адамға 60585 тенег коммуналдық жеңілдіктер төленді. Сондай-ақ Чернобль мен Ауған соғысына қатысқандар 150 мың тенге бір реттік көмектер берілді.

Округте екі ұл Отан соғысының ардагерлері назардан тыс қалған емес, аптасына екі рет медицмна қызметкерлері үйлеріне барып, денсаулықтарын тексеріп, қамқорлыққа алған . Осы ардагерлерге 117310 тенге коммуналдық жеңілдіктер төленді. Былтырғы жылы бастау алған Қасымбек ауылындағы Ұлы Отан Соғысының құрбандарына арналған ескерткіш ауыл тұрғындары , мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлердің, көмегімен жаңадан салынып 9 мамыр Жеңіс күні ашылды.

Халықты жұмыспен қамту мақсатында есепке тұрған 42 адамның 32 жұмыспен қамтылды. Оның 13-і қоғамдық жұмыстарға тартылып, оларға 943000 тенге төленді. Жастар практикасына бір адам тартылып оған 65 мың тенге төленді.

Үмбетәлі ауылындағы тігін цехы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Қазңр онда 40 әйел жұмыс істейді.

Тағы да айта кететін жағдай ауыл халқының тұрмыс жағдайы жақсаруда, 2010 жылдан бері 399 тұрғын үй газбен жылытуға қосылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне келсек әкімшілікте бір учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Қажетті техникамен қамтылған.

Байланыс саласына келсек: Екі ауылда «Казпочта» бөлімшелері жұмыс атқарады .542 нүктеге телефон желілері тартылған.

Таза ауыз су мәселесіне келсек : Үмбетәлі ауылының ауыз суын жөндеу 2015 жылға қойылған. Екі ауыл таза суымен қамтылған.Қасымбек ауылының ауыз су жүйесінің жұмыстары, Шолаққарғалы ауылындағы су мұнарасын жөндек жұмыстары толық аяқталып, Мынбай су құбыры мекемесінің қарамағына өткізіліп берілді.

Ауылдарды аббатандыру жұмыстары келсек былтырғы жылы есепті кездесудегі ауыл тұрғындарының өтініші бойынша Қасымбек ауылының Бәйтерек көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округтің кемшіліктеріне келетін болсақ ауылдың ішкі жолдарын жөндеу , Үмбетәліде мәдениет үйі Қасымбек ауылындағы амбулатория , пошта ғимараты , Шолаққарғалы мектебіне курделі жөндеу Үмбетәлі ауылындағы кірпіш зауыты іске қосылып қосымша жұмыс орындарын ашу.

Атқарылған жұмыстар казіргі жеткен жетістіктеріміздің бәрі де Президентіміздің «Қазақстан-2030» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа басым бағыттар белгілеп берген. Осы бағыттарды ескеруде, халқымыздың бірлігі, татулығымыз барды алынбайтын камал аспайтын асу жоқ дер айта келе, белгіленген ережелерге жететінімізге сенімдіміз.

Ынта қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.