Навигация

Информация

Отчеты

  Теміржол   селолық   округі   әкімінің     2015  ж.  әлеуметтік -  экономикалық    даму  бағдарламасының  орындалуы   туралы    есеп    беру   жиналысының    баяндамасы 

  Құрметті  Нұрлан Ертасұлы!

  Ауыл  тұрғындары!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқару органдары басшыларының есепті кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес,  Теміржол  селолық  округі  бойынша 2015  жылы  атқарылған  жұмыстар  туралы  есепті  баяндаманы  жасауға  рұқсат  етіңіздер.

Теміржол  селолық  округіне  қарасты   Қазыбек  бек бекетінде бүгінгі таңда  түтін  саны – 925,  халық  саны – 6217 адамды құрайды,  оның  ішінде:  3042  ерлер,  3175  әйелдер  бар,  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  саны – 567

Округ аумағында  1  «Теміржол селолық  округі әкімі  аппаратының»  мемлекеттік  мекемесі,  1 Ұзынағаш орта мектебі (Ж.Таджимагамбетов), 1 аурухана (Э.Аралбаева), 1 бала-бақша (М.Кожагелдиева), 1 пошта байланыс бөлімі (Г.Сахиева), 1 мәдениет үйі (А.Даулетбакова), 1 кітапхана (Т.Саутбаева), 1  РЭС  бөлімшесі (Б.Тугелбаев),  Қазақстан  Теміржолы  мекемесіне  қарасты  8  мекеме  бөлімшелері(Б.Бахтияров, Н.Кукузов, А.Кожагулов, Б.Тургенбаев,Е,Жалбагаев)  және  «Платформа-А» (С.Бапиев), «Азия көмір» ЖШС (Ж.Тугелбаев), «Семсер газ» (С.Сахиев),  ЛЭП-500 (Ж.Абдуллин)  мекемелері  бар.

Сонымен  қатар  селолық округте  473  зейнеткер,  І,ІІ,ІІІ  топтағы  242 мүгедек, 277  «Алтын алқа», «Күміс  алқа»  иелері  және  көп  балалы  аналар,  5  ауған  соғысының  ардагерлері,  26  тыл  ардагерлері бар.

Округ  әкімі  аппараты  мемлекеттік  мекемесінде  2015  жылы   штаттық  кестеге  сәйкес  13  маманның  11-і,  атап  айтқанда  әкім,  4  бас маман,  1  жетекші  маман  және  1 компьютерлік  бағдарламалар  операторы,  1  жастар  саясатының  нұсқаушысы,  1  спорт  жөніндегі  әдіскер-нұсқаушы   қызмет  етті. Бүгіде әкімнің орынбасары мен 1 жетекші маман орны бос.

Өткен,  2015  жыл бойынша   Теміржол  селолық округі  әкімі  аппараты  мемлекеттік  мекемесінде   жоспарға  сай   жұмыстар  жүргізілді.

 Күнтізбеде  көрсетілген барлық мерекелерге  орай  жоспар  жасалып,  сол  жоспарға  сай  жұмыстар атқарылды және  атқарылған іс-шаралар туралы мәліметтер аудандық мекемелерге өткізілді.

Есепті жылда «Мектепке жол» акциясы аясында 7 толық жетім балаларға мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтар алуға қайырымдылық көмек көрсетілді.

 Қысқы  жылыту  маусымына  орай ауыл  тұрғындарына  ауылға бекітілген  орманшының келісімімен  тоғайлардан  отындық қураған  ағаштарды   кесуге  рұқсат қағазын  алу  туралы  хабарландырулар  берілді.  «Платформа-А» ЖШС-нің демеушілігімен (басшысы С.Бапиев) 6 тұрмыс  деңгейі  төмен  отбасына әрқайсысына және мешітке 2 кубтан ағаш отын берілді. 

2015 жылда 20 көп балалы отбасы  1 млн. 532 мың 218 теңге,  2 мүгедек балалар  66 457 теңге, 6 ауған соғысы ардагерлері 150 000 теңге, 133 бюджеттік  мекеме қызметкерлері 1млн 318 мың 30 теңге коммуналдық көмек, 6 отбасы 278 553 теңге  көлемінде  тұрғын үй жәрдемақысын   алды.

Есепті  жыл бойынша  Теміржол округінен жергілікті бюджетке  барлығы  112 млн. 391 мың 467 теңге  салық түсті. Оның ішінде: ЖШС-терінен 66 млн 310 мың 780 тг.,   жеке кәсіпкерлер мен жеке шаруа қожалықтарынан – 3 млн 43 мың 112 тг., жергілікті салық сомасы 312 мың теңге.  Ауыл  тұрғындарының тұрмысқа  қажетті  сұраныстарын  қамтамасыз  ететін  20  дүкендердегі    33   әлеуметтік  маңызы  бар азық-түлік тауарларының     бағаларының  тұрақты  болуы  үнемі қадағаланып  отырылды.

2015  жылы  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  мерекесіне  орай Ұлы Отан соғысында қатысып,  бейбітшілік кезде еңбек етіп, қайтыс болған ардагерлерге арналған ескерткіш ашылды.

Өткен жылда  2015  жылда  15 адам уақытша  ақылы  қоғамдық  жұмыспен  қамтылды. 

Округ  бойынша  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында  жаңа  жер  телімін  алуға  кезекте  тұрған  азаматтар тіркеу  журналы  талапқа  сай  жүргізілген  және  электронды  түрі  ғаламторға  жарияланды. Жеке  және  заңды  тұлғалардан  келіп  түскен ауызша,  жазбаша  өтініштерді  белгіленген  мерзімде  қарау,  арыз  иелеріне  уақытында  жазбаша  толық  жауап  беру,  күнделікті  анықтама  беру  және  басқа  да  ағымды  қызметтер  көрсету  жұмыстары  өз  деңгейінде  атқарылды. 

Сонымен  қатар  округ  әкімдігі  ғимаратында  сенім  телефоны,  «Мемлекеттік  қызметкерлердің  атқарған  жұмыстары  туралы  арыз-шағымдар  және  ұсыныстар»  журналы,  ауыл  азаматтырының  өтініштері  және  арыздары  үшін  жәшік  қойылған.  

Білім  саласы  бойынша  Қазыбек  бек  бекетінде  1176  орындық  мектепте  барлығы  131 адам,  оның  ішінде  86-і  мұғалім бар.  Орта  мектепте  961  оқушы  оқиды,  класс-комплект  саны  43,  білім  сапасы  39  пайыз,  үлгерімі  100  пайыз,  1  компьютер  интернетке  қосылған.           2015-2016 оқу  жылында   барлығы  54  оқушы  11  сыныпты  бітіреді.                                                                                                                                                                                                Округ аумағындағы 75  орындық  «Балауса»  балабақшасында  23  ауыл  тұрғындары  істейді,  бүгінгі таңда бала-бақшада  75  орын  толық  балалармен  қамтылған. 

Денсаулық  саласы  бойынша  ауылдық  ауруханада  15  төсек  орындық  стационар  бөлімі,  6  орындық  күндізгі  стационар,  күніне  75  адам  қабылдауға  мүмкіншілігі  бар  амбулатория  бөлімі  қызмет  атқарады,  сондай-ақ  аурухана  терапевтік,  педиатрлық,  акушерлік, УЗИ, рентген,  тіс  дәрігерлік  кабинеті,  хирургиялық  кабинет,  зарарсыздандыру  бөлімі,  физио  кабинеті, лаборатория,  регистратура,  егу  кабинеттерімен  қамтамасыз  етілген.  Бүгінгі  күнде  ауруханада  4  жоғары, 2 бірінші  дәрежелі және  дәрежесі  жоқ  2 дәрігерлер,  23  орта  буынды  медициналық  қызметкерлер  жұмыс  істейді.  Ауруханада  қарамағында  3  автокөлігі  бар  жедел  жәрдем  бөлімі  халыққа  тиісті  деңгейде  қызмет  көрсетуде.  

Ауылдық  почта  байланыс  бөлімінде  4  адам  жұмыс  істейді.   Ауыл  бойынша  20  көп балалы  отбасылар,  зейнеткерлер, мүгедектер, ардагерлер  уақытында  зейнетақы  және  жәрдемақыларын  осы  почта  бөлімінен  алуда. 

Мәдениет саласы  бойынша ауылдық мәдениет  үйінде  бүгінде   штаттық  кестеге  сай  9  ауыл  тұрғындары  жұмыс  істейді.  Округ  бойынша    барлық    мерекелік  іс-шаралар  жоспарға  сәйкес  мәдениет  үйінде  өткізілді. 

Ауылдық  мәдениет  үйі  ғимаратында  орналасқан 8 000-нан  астам  кітап  қоры  бар  ауылдық  кітапханада   2  ауыл  тұрғындары  жұмыс  істейді.  Оқырмандар саны  -  815 адам.

2014 жылдың  қазан  айында  ветеринарлық пункт ғимаратын  салу  жұмыстары  басталды.  Тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы.  Құны – 25 000 000 тг., Бүгінгі  таңда  құрылыс  жұмыстары  аяқталды.

Округ бойынша  121 734 га. ауыл  шаруашылығы  жері бар. (Оның ішінде: егістік жер – 13 664 га., жайылым жер – 106 638 га.) Бүгінгі таңда  мал  және  егін шаруашылығымен  айналысатын    «Р-Күрті», ШӘ «Қазыбек бек», «Ақсұңқар», «Күрті Саяхат»  ЖШС-терінде    және  68  шаруа  қожалықтарында  140-тан  астам  ауыл  тұрғындары  жұмыс  істейді.  

 «Р-Күрті»  ЖШС  бойынша  ағымды  жылда  жоспарға  сай  1200 га. жерге арпа, 200 га. жерге бақша дақылдары,  1600 га. жерге  көп  жылдық  шөптер  егілді.  Округ  бойынша   мал  басы  саны: МІҚ – 3 236 бас, ҰММ – 54 913 бас, жылқы – 2 397 бас, түйе – 378 бас, құс – 241. Жыл басынан бері аусыл ауруына қарсы  12 000 бас  ҰММ,  бас   сібір жарасына   қарсы 4 000  ҰММ, 556  МІҚ,  бруцеллезге    қарсы 

1 300 бас МІҚ,  21 000 ҰММ, чумаға қарсы 360 түйе, оба ауруына қарсы 360 түйе,  пастереллез  ауруына қарсы 500 бас  ҰММ дәріленді.  Осы  жұмыстардың барлығын және малдарға егу, қан алу жұмыстарын селолық  округтегі  9  мал  дәрігерлері, 4  санитарлар, 1 оператор  жүзеге асырды.

Ауыл  тұрғындарын  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  мәселесі  бойынша «Ақ бұлақ»  бағдарламасына  орай 2014 жылдың  наурыз  айында аудандық  ЖКХ  мекемесінің  тапсырысы  бойынша   «Еламан» ЖШС, «ИнтерТехСтрой» ЖШС  және  «ЮГ строй сантех сервис и К» ЖШС ауылдағы  ауыз  су  құбырларын  толықтай  ауыстырған болатын.  Жаңа  жылдың І тоқсанында «Мыңбаев су құбыры» ЖШС-нің күшімен жеке  үйлерге  су  құбырларын  тарту  жоспарлануда.

Сыйымдылығы  150 адамдық «Абыз ата Құртқа тәуіп»  атындағы мешіт бүгінде ауыл тұрғындары игілігіне жұмыс істеуде. Өткен жылдың  қыркүйек айының 24-26 Құрбан айт күндері ауыл мешітінде 1 бас түйе және 2 бас қой құрбандыққа  шалынып, еті тұрмыс деңгейі төмен, мүгедек отбасыларына таратылды.

Селолық  округтерді  дамыту  аясында  инвесторларды  тарту  мәселесі  бойынша  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  жұмыстары  бойынша  жеке кәсіпкер  Н.В.Логиновтың басшылығымен гранит тас   өңдеу  цехы  ашылып,  30-ға жуық ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды. 

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша  мал өсіру  мақсатында ауыл тұрғыны Умирзакова Саракуль 1 млн. 500 мың теңге көлемінде несие алып, бүгінде  6 бас сиыр сатып алып, өзін-өзі қамтуда.

Осы бағдарламаға сәйкес 2015 жылы 4 жоғары  және арнаулы орта білімі бар ауыл жастары ақылы 6 айлық «Жастар практикасына» тартылды.

Округтік телімдік  полиция инспекторына Ерузаков  Руслан  бекітілген. Полиция инспекторына бұрынғы аурухана ғимаратынан арнайы жұмыс істейтін бөлме берілген, автокөлікпен, телефонмен қамтылған.  Округ  бойынша  2015  жылда 25 қылмыс  тіркелді,  оның  ішінде 16-і  ашылды. 

2016  жылы жеке  үйлерге  су  құбырларын  тарту     және  ауылды газбен  қамту,  ветеринария пункті ғимаратын іске қосу, бұрынғы аурухана ғимаратын  тиімді пайдалануға беру жұмыстарын іске асыру жоспарлануда.

Сонымен  қатар, Қазыбек бек бекетіндегі индустриялдық аймаққа жаңа өндіріс орналастыру  шаралары  жүргізілуде. Индустриялық аймақта күн қуатын пайдаланып, электр энергиясын өндіретін станса орналастыру мақсатына облыс әкімдігі мен оңтүстік кореялық  «Топсан» фирмасы арасындағы меморандумға қол қойылды. Өндіріс орнында бастапқыда 140 мегаватт, толық жобалық қуатына енгенде 250 мегаваттқа  дейін  электр  қуаты  өндірілетін болады.

Бұл бағытта  индустриялық  аймақты  орналастыруға  жалпы  көлемі  1000 га.  жер  учаскесі  бөлінген.  Бүгінгі  күнде  «Жетісу»  әлеуметтік  кәсіпкерлік  корпорациясы»  ұлттық  компаниясы»  акционерлік  қоғамына  электр  энергиясын  өндіру  жобасына  250 га.  жер  берілді. Индустриялық  аймақта  жаңа  өндірістерді  орналастыру  үшін  710 га. жер телімі  қоры  бар.

Бүгінде  Қазыбек  бек  бекеті  мен индустриялық  аймақтың  бас  жоспарын  жасауға  18  млн. 600 мың  теңге қаржы бөлініп,  «НұрҚұрылыс»  ЖШС  жұмыстарын   жүргізуде. 

Сондай-ақ, технико-экономикалық  негіздеме  әзірлеуге  79 млн.  теңге  қаржы  қарастырылып,  бұл  бойынша  «Прогресс  инжиниринг»  ЖШС  жұмыстарды  жүзеге асыруда.

Құрметті жиналысқа қатысушылар!

Бүгін атқарылған жұмыстармен қатар алдағы атқарар істердің жоспарлары да сараланып отыр.  Есепті  жыл ішінде округ аумағында Елбасының  тапсырмаларына сай өмірлік  кажеттілігі бар бірнеше ауқымды, нақты   жұмыстар жүзеге асырылды.  Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге шақырды.  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларын  жүзеге асыру жолында баршаңыздың алдағы істеріңізге сәттілік, жыл табысты болсын деп тілеймін.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.