Навигация

Информация

Отчеты

Сарытауқұм ауылдық округі елді мекендерінің ауыл тұрғындары өкілдері алдында 2015 жылғы баяндама

       

ҚҰРМЕТТІ  ЖЕРЛЕСТЕР!  ӘРІПТЕСТЕР!

 

            Сарытуқұм  селолық  округі  аумағында  екі  елді  мекен  орналасқан. Олар округ орталығы Ащысу ауылы мен Қаншенгел ауылы. Ащысу ауылы  аудан оралығынан 145 шақырым, обылыс орталығынан 450 шақырым, Алматы қаласынан 178 шақырым  қашықтықта  орналасқан. Ащысу да, Қаншенгел де Алматы-Астана тас жолының бойында орналасқан. Селолық  округ 1977 жылы құрылған, жері шөлейтті. Барлық жер көлемі 73100  гектар. Оның  ішінде 800 гектары бұрын егілген көп жылдық шөп,  қалғаны  жайылымдық жерлер.    

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ  АХУАЛ

            Округ аумағындағы 86 отбасында 420 адам тұрып жатыр. Оның  ішінде ерлер 208, әйелдер 212.  Халықтың  ұлттық  құрамына келетін  болсақ: қазақтар- 411, орыстар- 2, басқа ұлт өкілдері - 7 адам. 314 адам Ащысу ауылында, 106 адам Қаншенгел ауылында тұратындығы тіркелген

            Мектеп жасына дейінгі балалардың саны – 42, мектеп жасындағылар – 66. Округ бойынша 2015 жылы туған бала саны – 2, ал 2012-2014 жылдары 8 – 8-ден 24 нәресте дүниеге келген еді. Жаңадан қосылған 2 отбасына неке куәліктері табыс етілді.

          Округ аумағында – 18 зейнеткер, әр-түрлі топтағы – 7  мүгедек азаматтар  бар.  4 ана  алтын  алқа және 2 ана күміс алқа иегері.  Көп  балалы  отбасылар  саны – 12.  4 отбасы  балаларға  арналған  мемлекеттік  жәрдемақы  алып  тұрады. 8 отбасы   1 жасқа  дейінгі  жәрдемақы   алады. Округте бір  асыраушысынан  айырылған  6 отбасы  бар.

          Округ  аумағында  тұрып  жатқан  азаматтардың  305-і жұмысқа  жарамды. Оның  ішінде  48 адам  бюджеттік  мекемелерде, 179 жұмысқа   жарамды   адам   жеке   негізде   жұмыс  істейді , 2015 жылы 4-і  жұмыссыз  ретінде  Аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінде  тіркеліп, бесеуі де ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР

        Селолық округке 2015 жылы Мемлекеттік төлемақы орталығынан:

  • Зейнетақы, жасына байланысты мемлекеттік жәрдемақыларға 24 адамға 5 600 051 тенге,
  • мүгедектігі бойынша 17 адамға 3 263 904 тенге,
  • асыраушысынан айырылған 3 адамға 565 044 тенге,
  • Көп балалы аналар 6 адамға 462 000тенге,
  • 1 жасқа дейінгі бала күтіміне 8 адамға 1 395 552 тенге
  • барлығы 58 адамға 11 286 551 тенге төленген.

         Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы :

  1. Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 5 отбасындағы 13 балаға 262 332 тенге;
  2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алғандар жоқ;
  3. Үйде тәрбиеленушілер мен оқитын мүгедек баласы бар отбасына әлеуметтік көмек-1 отбасына 38 709 тенге
  4. Тыл ардагерілеріне бірреттік төлем 1 адамға 25 000 тенге
  5. Спорт, ветеринария және мәдениет саласы қызметкеріне көмірге әлеуметтік көмек 1 адамға 9910 тенге
  6. Білім беру саласы қызметкеріне көмірге әлеуметтік көмек 10 адамға 99100 тенге
  7. Денсаулық сақтау саласы қызметкеріне көмірге әлеуметтік көмек 1 адамға 9910 тенге
  8. Жұмыспен қамту бөліміне 4 адам тіркелген, оның ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған 4 адамға 226 938 тенге төленген.                                                                                                    
  9. Барлығы 22 адамға 2 093 595 тенге төленген.

      Осы  жоғарыдағы  топтарға  2015 ж. мемлекет  тарапынан барлығы 13 380 146 теңге әлеуметтік төлемдер  берілді.  

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

      2013 жылы өздеріңіз білесіздер мектебіміздің шатыры толық жөндеуден өткізілді. Ескі жамылғысының орнына-жаңасын айырбастай отырып, табиғи аппатарға қарсы күшейтілді және ағаш бөліктері шіруге қарсы дәріленді. Мектеп өртке қарсы дабылдармен (сигнализация) жабдықталды.

      Округ орталығында 1 орталау мектеп бар. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен  53 оқушы оқып жатыр, оның ішінде 5 бала мектеп алды даярлық сынып. Оларға  білімдері  жоғары – 13, аяқталмаған жоғары – 1, барлығы 14 мұғалім сабақ береді.

  • Оның ішінде 1 санаттысы – 5,
  •  2 санаттағысы – 5.    

       Мектепте жаңа 9 дербес компьютер бар, ол әрбір 5 балаға бір компьютерден келеді. 2014-2015 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру  қорынан жетім, жартылай жетім, көп балалы және жағдайсыз жанұялардағы  15 балаға 380 000 тенгенің қажетті күздік, қыстық жылы киімдері, оқу-спорт формалары бөлініп, таратылды.

       Мектепке 2015 жылы 23 221 000 тенге бюджеттен бөлінген, оның ішінде 19 004 000 тенгесі жалақы. Мектеп сұйық отынмен жылытылады.  Жылыту маусымына 27,810 тонна сұйық отын қабылданып, қазіргі кезде   15 тонна отын бар. 

       Округте  болатын  барлық  мерекелік  іс-шаралар  осы  Сарытауқұм  орта  мектебінің  мұғалімдерінің  атсалысуымен  өткізіліп  отырады. Себебі мәдениет үйінің болмауына байланысты мерекелік іс-шаралар осы мектеп ғимаратында ұйымдастырылады.         

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

       Ащысу  фельдшерлік пунктінде 1 медбике  және  1  санитар  жұмыс  істейді. Қаншенгел фельдшерлік пунктінде  1  фельдшер халыққа  қызмет етеді.  1 жылда  Ащысу ФП 892 амбулаториялық қабылдау, 777 үйде қабылдау, Қаншенгел ФП 938 амбулаториялық, 1175 үйде қабылдау, барлығы 3782 қабылдау болады. 2015 жылы есепке 6 жүкті әйел алынып, оның 2-і босанған. Мамыр  айлында ауыл тұрғындары түгел дерлік флюраграфияға түсті. Қаншенгел ауылы 2015 жылы скрининг тесттен 15 адам, оның ішінде 7 еркек, 8 әйел өтті. Туберкуллез, сары ауру/боткина/ және бруцеллез аурулары тіркелген жоқ. Қант диабетімен 3 адам, туберкуллезбен 1 адам есепте тұрады. Жылдан жылға техниканың дамуы медицинамызда да байқалады, оған азаматтарды профилактикалық тексеру тізімі компьютерлік дерек қорға алынуы және сол жерде бақылау нәтижелерінің автоматты түрде анализ жасалуы жатады       

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

        Округ  тұрғындарының  негізгі  табыс  көзі  мал  шаруашылығы  болып  табылады. Қазіргі  кезде округ бойынша (тұрғындар мен шаруа қожалықтарында) 630 бас ірі  қара, былтыр  471 бас  мүйізді  ірі  қара болған. Қой-ешкі 8590 бас, былтыр 8339 бас.  Жылқы 423 бас, былтыр  301 бас,  оның  ішінде бие 125.   Құс 320 бас. 2015 жылы округ бойынша 2 шаруа қожалығы ашылды. Ол Адрахманова Айткулдің «Нұрлан» шаруа қожалығы мен Құтпанқұлов Ержанның «Ерасыл» шаруа қожалығы.  

        Сарытауқұм селолық округінде 1 ветеринариялық пункт жұмыс істейді, ал округтің ветереринариялық қосынында /ветпункт/ 1 меңгеруші мен 2 санитар жұмыс  істейді. Ветереринариялық пункттің мал дәрігерігерлері мал басына эпизотияға және індетті тазалау бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарды және малдарды жұқпалы ауруларға қарсы тексеру нәтижесі таза екенін көрсетті. 2015 жылы 1561565 тенге 2015 жыл дәрі дәрмекке бөлінген

         Медицинадағы сияқты ветеринария саласындада үй жануарларын тізімге алатын компьютерлік деректер қоры жұмыс істеуде. Бұл дерек қорында үй жануарларын тек тізімге ғана алу емес, оларды профилактикалық егу жұмыстары мен әр түрлі аурулардан емделгені туралы мәліметтер мен есептен шыққанға дейін (сою, сату, сатса кімге, қайда сатқаны туралы) мәліметтер көрінетін болады

        Аудандық статистика бөлімінің мәліметі бойынша округ  аумағында  27  шаруа  қожалығы  тіркелген. Оның ішінде 2 шаруа қожалығы 2015 жылдан жұмыс істеуде.

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ

        Ащысу  ауылының  тұрғындары  10  шақырым,  Қаншенгел  ауылының  тұрғындары  28  шақырым  жерден  тасмалданатын  ауыз суды  пайдаланады. 2008 жылдан халыққа  мемлекеттік  су  таситын  автокөлік  қызмет  етеді. 2010 жылдың қазанынан бастап аудандық бюджеттен сол автокөлік жүргізушісіне жалақы және әрбір рейстің жанармай құнын бере бастады. 2018 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Ащысу ауылына ауыз су құбырын  тарту құрылысы жобаланған. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына Қаншенгел ауылына 28 млню тенге бөлінген.

БЮДЖЕТТІҢ  ОРЫНДАЛУЫ

           Бюджетке  құйылатын  салық  түрлеріне  келетін  болсақ  жер  салығы  жоспар  бойынша  14 261 тенге  болса, орындалғаны  14 261 тенге.  Мүлік  салығы  8 985 тенге  болса орындалғаны 8 985 тенге. Көлік  салығы  504 000 тенге құйылған. Қаншенгел ауылының қоғамдық тамақтандыру орындары толық «Жеке кәсіпкер» ретінде 15 тіркелген, Ащысу ауылында 2 «Жеке кәсіпкер» тіркелген. «Жеке кәсіпкердің» жыл бойында бюджетке құйған салықтары 408 000 тенге. 2015 жылы 1 «Жеке кәсіпкер» Есенбаева Ғалия Мамайқызы есепке алынған.

 

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ

            Округ аумағында 1 почта бөлімшесі халыққа қызмет етеді. Онда 1 адам 0,1 ставкада жұмыс істейді. 2016 жылға жоспардағы газет- журналдарға жазылу 100 % орындалды. Газет - журналдар уақтылы таратылып отырады.

       Ащысу   аулында SKYP (скайп) спутниктік байланыс желісінде 8 номер ауыл тұрғындарына ұсынылған. 3 бюджеттік телефон, 4 жеке меншік берілді,  Қаншенгел ауылында SKYP (скайп) желісінде 7 жекеменшік телефон номерлері берілді. Селолық округ бойынша барлығы  14  телефон  нүктесі  жұмыс  істейді.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

        Айдарлы, Бозой және Сарытауқұм селолық округтеріне полицияның бір учаскелік инспекторы қызмет етеді. Жыл бойында ауыр қылмыстар тіркелмеді.

        Селолық округ әкім аппаратына 2015  жылы 249 жеке тұлғаның жүгінуі тіркелді. Оның 13 жазбаша түрде, демек өтініштер. Қалған 236 ауызша түрде. Ауызша өтініштер негізінен ауыл шаруашылығына байланысты жекеменшік мал тасмалдауға анықтама, отбасы құрамын анықтауға және қосалқы шаруашылығы туралы анықтамалар алу үшін жүгінулер. Әрбір округ тұрғынының өтініші жерде қалмай тіркеліп, қанағаттандырылды. Селолық округ әкім аппараты, округ активі және округ тұрғындары аудан және округ аумағында өтетін барлық іс-шараларға атсалысып қатысады. Аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы балалары, жетімдер, мүгедектер мен басқада топтарға селолық округ әкімінің аппараты 425 000 тенге қолдау жасады.

         Әрбір мереке қарсаңында ауыл тұрғындарынан ұйымдастыру комиссиясы құрылып, сол  комиссия  мерекелік бағдарлама, іс-шаралар жасап өткізуді Жаңа Жылды қарсы алудан бастап, Наурыз, мамыр  айларындағы мерекелер, Астана қаласының күні, Коституция және Тәуелсіздік күні мерекелері ұйымдастырылады.  Осы айтылғандарға мысал ретінде 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні және 9 мамыр Жеңіс күніне мерекелеріне ауылдағы зейнеткерлерді құттықтап дастархан жасап, сыйлық тарту дәстүрге айналды десе болады.

          Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауына, ол кісінің жүргізіп отырған саясатына байланысты округте  үгіт-насихат тобы өз жұмыс жоспарын жасап, жүзеге асыруда. Оған мысал ретінде жастар мен мектеп оқушылары арасында өткізіліп жатқан «Елбасы мұраты, ел бақыты – гүлденген  Қазақстан», «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», «Бәсекеге қабілетті жастар Қазақстанның болашағы», «Менің Отаным - Қазақстан», «Тәуелсіздіктің 21 жылдығы» және тағы сол сияқты дөңгелек столдар, ашық сабақтар жатады.

        Округ бойынша тұрғындарда 6 жүк  автокөлігі, 36 жеңіл  автокөліктері  бар. 2015 жылы Қарғалы кентінің «Дортехмонтажсервис» ЖШС Ащысу ауылының ішкі жолдарын 3,5 шақырым жолды облыстық бюджеттің 4,993 млн.тенгеге шұңқырларын жабу (ямочные) жұмыстары жүргізді.

         2010-2013 жылдары жақсы өнім алынған жерлерге, 2015 жылдың жаз айларында Ащысу ауылының 5 отбасы 20 гектардай жерге қауын-қарбыз егіп, су жүйесінің нашарлығынан, су жетпей күйіп кетті. Бозой, Айдарлы, Сарытауқұм елді мекендерінің ауыл шаруашылық алқаптары Д. Қонаев атындағы «Үлкен Алматы Каналы» теңгеріміндегі магистральды суландыру каналдарынан су алады. Ұзындығы 73 шақырымды құрайтын магистральдық каналдың 23 шақырымы бетондалған. Ал қалған бөлігіне механикалық тазалау жүргізу және канал табанын су өткізбейтін материалдармен көмкеру жоспарлануда. Бұл шаралардың іске ассырылуы жоғарыда аталған 3 елді мекен шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ететін 237 шақырымдық 7 каналды тиімді пайдалануға жағдай туғызады. 

         Тыңдағандарыңызға рахмет! Дендеріңіз сау болсын, отбасыларыңызға мол табыс тілеймін.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.