Навигация

Информация

Баннеры

Отчеты

Мәтібұлақ ауылдық округі елді мекендерінің ауыл тұрғындары өкілдері алдында 2014 жылғы баяндама

         Жылқы жылы қазақстандықтар үшін табыстыда ырысты, саяси оқиғаларға толы жыл болды. Елбасы Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде республикамыз барлық қиындыққа, қоғамдық-саяси оқиғаларға, жаһандық қаржылық дағдарысқа қарамастан, қандай сыннан да сүрінбей өтіп, өзінің егемендігін, мемлекеттігін, ұлтаралық келісімді сақтап қала алды.  

         Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында белгілеген міндеттер жыл ішіндегі бүкіл іс-әрекетіміздің бағдаршасына айналды. Жолдауда белгіленген міндеттер бойынша жұмыс істеген  селолық округ тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен шұғылданады.

         Экономиканың негізгі тірегі мал шаруашылығы болып тұрады. Округте жүз сегіз шаруа қожалықтары тіркелген. Жыл басында мал басы  ірі қара 2319  бас, жылқы 1995, қой - ешкі 58939,  құс 1450 болды. Осы малдың басын қыстан шығару үшін 5934т жем-шөп дайындалды.

         Өткен мерзімде барлық мал дәрігерлік егу, емдеу жұмыстары талапқа сай өз мерзімінде жүргізілді. Ветеринариялық профилактикалық жұмыстары атқарылды. 

         Ауыл шаруашылығының саласы «Ералина» ЖШС-і 2014 жылы 500 га күздік бидай ексе, биылғы жылы 200 га егін егеміз деп жоспарлап отыр. 2014 жылы Мәтібұлақ ауылдық округі бойынша 1200 га күздік бидай, 880 га жаздық арпа отырғызылды.

         Ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге әр уақытта басты назар аударылып отыр.

Округтегі екі дәрігерлік амбулатория мен екі фельдшерлік пункте барлығы 26 медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді. Округ бойынша жұқпалы сары ауру мен сары ауруы 2014  жылы тіркелген жоқ. 2014 жылы округ бойынша 99 сәби дүниеге келіп, 20 адам өмірден қайтты. Бір жасқа дейінгі бала өлімі мен ана өлімі жоқ.

         Округтегі 378 зейнеткерлермен, 95 мүгедектер басқа әлеуметтік сала қызметкерлері өздерінің зейнетақылары мен жалақыларын өз мерзімінде алып отыр.

         Елбасының білікті басшылығымен еліміздегі экономикалық және саяси реформалар тереңдей түсіп, жыл өткен сайын халықтың тұрмыс жағдайы мен әл ауқаты жақсарып, барлық әлеуметтік мәселелер өз шешімін тауып келеді. Ондай оң өзгерістер мен келелі істерді облыс, аудан өмірінен айқын көруге болады.

         Әлеуметтік көмек алатын әл-ауқаты  төмен, әлжуаз топтарға жататын 6 жанұядағы 16 балаға 665 805 теңге әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегіне 7 жанұядағы 17 адам ұсынылып, 374 440 теңге төленді. Көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға жататын    6 жанұядағы 18 адамға 380 646 теңге төленді. Үйде оқытылатын мүгедек 2 балаға 92 536 тенге төленді. Туберкулезбен ауырған 2 адамға 40 000 тенге төленді.  Әлеуметтік маңызды тауарлардың өсуіне жол бермеу үшін,бірінші қажеттіліктегі тауарларды /ұн,өсімдік майы,қант,күріш/ тұрақтандыру мақсатында жеті сайын дүкендер араланып, тексеріліп тұрады.

           Аудандық жұмыспен қамту орталығына 24 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

         2014 жылы округте атқарылған жұмыстарға келсек Таңбалытас ауылында дәрігерлік амбулатория  салынып, пайдалануға берілді.

         Салық  жинау жоспары жер салығы 110 мың, мүлік салығы 140 мың өткізіліп жоспар 100 пайызға орындалды.

         Жайсан ауылының  су жүйесін жаңғырту мен құрылысына жобалық сметалық құжаттарын дайындау 2015 жылдың 2 - ші жартысында басталады.

         Құрметті ауыл тұрғындары ! Сіздерді жаңадан есігін ашып кірген 2015 жыл қой жылымен құтықтаймын. Осы жылы отбастарыңызға береке, бірлік, ырыспен ынтымақ алып келсін. Дендеріңіз сау, бастарыңызға бақыт пен байлық тілеймін. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.