Навигация

Информация

Баннеры

Отчеты

Дегерес  селолық округі әкімінің 2015 жылға есеп беру баяндамасы

 

                  Құрметті жиынға қатысушылар!

           Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің  Қазақстан халқына арналған «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты  жолдауында нақты бағдарламасын жасап көрсетті.

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары –қазақстандық арманға бастайтын жол» атты саяси мақаласы бізді ізгі мұраттарға бастар бағдарлама деп қараған жөн. Елбасы жаңа қазақстандық арманның мақсатымен бірге нақты жүзеге асырылу жолдарын айқындап берді, Ғасыр соңына таман әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуді жоспарлаған еліміз үшін маңызды жолсілтегіш, бағдарламалық бастама- бес институттық реформаны, 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын жүзеге асыру екені белгілі. Осы бағытта 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Дегерес  селолық  округінде  5 елді  мекен ,  округте 4024  тұрғын 640 түтін  бар, оның  ішінде  Дегерес  ауылында – 259 түтін, 1634 тұрғын, Бесмойнақта 222 түтін – 1504 тұрғын, Сұңқарда 96 түтін– 570 тұрғын, Қарашада 35 түтін – 164 тұрғын және  Бұлақта- 28 түтін 122- тұрғын  адам  тұрып  жатыр. Округте  332 зейнеткер, 143  мүмкіндігі шектеулі адамдар, 3 ауған соғысының   ардагерлері бар.

         Барлық  елді  мекендер  бойынша  экономикалық белсенді-  2323 адам   бар,  оның  ішінде 770  жұмыспен  қамтылған  адам,  1097  адам  өз  шаруасында, яғни жеке шаруашылығымен айналысатындар.

           Округіміз  бойынша  3  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік   тіркелген. Оның 2-і  Дегересте  болса, 1-і   Бесмойнақ  ауылында. Барлық 146  шаруа  қожалығы бар.   Дегересте  56, Бесмойнақта  56, Бұлақта  4, Қарааршада 7 және  Сұңқар  ауылында  22  тіркелген.  Осы  аталған  шаруа  қожалықтарында    337 адам  жұмыс  атқаруда.               

    2015 жылы Бұлақ және Дегерес ауылының ауыз су жүйесі күрделі жөндеуден өткізілді. Бұлақ ауылының ауыз су жүйесіне 25млн теңге бөлінді. Дегерес ауылының ауыз су жүйесіне 191млн 544 мың теңге бөлінді.

 Бесмойнақ ауылының Садуақасов көшесінің жолы орта  жөндеуден өткізіліп 49 млн бөлінді.

   Сұңқар ауылының ауыз су жүйесінің ағымды  жөндеуден өткізіліп  2015 жылға 29 млн 975 мың теңге бөлінді.                        

   Шағын  және  орта  кәсіпкерлік.

  Округте  5 дүкен, 2   тойхана,  1 монша  халыққа   қызмет  көрсететін  орындары  бар,  мұнда 15    адам  жұмыс  істейді.

  Денсаулықты  сақтау.

 Округімізде  1 дәрігерлік амбулатория, 4 медициналық қосын халыққа  қызмет  көрсетуде, 1-уі ғимаратсыз.

 3 врач  штатты  және 8   медбике штат  кестесі  бар, 2 дәрігерлік  штат бос, Сұңқар және Бесмойнақ, Қараарша  ауылдарында  бірден стационарлық  орындар бар.Қазіргі күнде гинеколог, 1 педиатор,1,5 стаматолог штаты бос. 2016  жылы  осы    күндізгі  стационарларда  7 адам емделді.

 

Жұқпалы  аурулар.

Туберкуллез – жоқ

Вирусты  гепатит- жоқ

Бруцеллез -  жоқ 

 

Білім   саласы

Округте 3 орта және 2  бастауыш  мектеп  бар.

Дегерес  орта  мектебінде  214 оқушы  бар.

Жангелдин  орта мектебінде  247  оқушы

Сұңқар  орта мектебінде 122  оқушы

Бұлақта   10  оқушы

Қарааршада   14   оқушы  бар.

    

           Ұлттық  тестке  мектептерде  дайындық  шаралары  ұйымдастырылуда. Сабақтан  тыс уақыттарда  тест  құрамына  кіретін  пәндер  бойынша  қосымша  сабақтар  өткізіліп, әкімшілік отырыстарында, іс- шаралар  жасалынып, орындалуы  бақылауға  алынып  отырады. Осы көктемгі  демалыста  17 оқушы  Алматы қаласынан келген тест центр орталығының дайындығына барып, білімдерін шыңдап келді.

Елбасының білікті басшылығымен еліміздегі экономикалық және саяси реформалар тереңдей түсіп, жыл өткен сайын халықтың тұрмыс жағдайы мен әл ауқаты жақсарып, барлық әлеуметтік мәселелер өз шешімін тауып келеді. Біздің округімізде де әлеуметтік  көмекті қажет ететін    отбасыларын  анықтау  барысында  арнайы учаскелік  комиссия  құрылып,  13  отбасындағы 60 балаға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.    «Шұғыла» қоғамдық  қоры  округтегі  аз  қамтылған отбасыларына , жалғызбасты  қарттарға , мүмкіндігі  шектеулі  жандармен сауалма жасап кетті. Болашақта  көмектерін көрсететін болады.

       Округ  елді мекендерін  көркейту   мақсатында  бірқатар  жұмыстар  атқарылды.

         Жыл  бойғы  мерекелер  өз  денгейінде  атап  өтілуде. 8-наурыз, 22- наурыз мерекелері жоғарғы деңгейде аталып өтті. Қарттар мен мүгедек адамдарға демеушілер  аталған  мерекелерде  сый, құрмет  көрсетуде.

                     Ауылшаруашылығы

         Округ аумағының  негізгі  күн  көрісі - бұл  мал  және  егін  шаруашылығы.

Егін  шаруашылығы   бойынша 2015 жылы   400 га   егістік   пайдаланылып, күздік бидай себілді. Берілген 2000га жаздық арпа себу тапсырмасы 10 пайызға орындалып, 6 трактор, 6 соқа, 2 сепкіштер жұмыстарын жалғастыруда.

Мал шаруашылығы бойынша бір  пункт меңгерушісі,  жеті     мал  дәрігерлері және  бес санитар   халыққа   қызмет  көрсетуде. Қазіргі уақытта жоспар бойынша барлық мал дәрігерлік егу, емдеу, сарып ауруына қарсы қан алу жұмыстары жалғастырылуда.

Аудан әкімінің инвестор тарту тапсырмасы бойынша 2015ж «Жұмабай» ш/қожалығы ауылға шақырылды. Басшысы Кульбаев Жумабай 300 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау орнын салып, 10-15 адамды жұмыспен қамтымақшы. 10 млн 745 мың теңгеге асыл тұқымды 3 бұқа және 25 сиыр  сатып алды. Болашақта сатып алынған асыл тұқымды аналық бастардан жоғарғы сапалы сүт өнімдерін өндіріп , жұмысын жандандырмақшы.

Дегерес селолық округіне қарасты Сұңқар ауылына типтік мал қорымы (Биотермиялық шұңқыр) салынып халық игілігіне жұмыс істеуде.

Салық  түрлері бойынша  толығымен орындалды.   

       Округ  бойынша   салық  түрлері   100 пайызға орындалды.

         Үш елді мекенде ардагерлер ұйымдары, әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері   жұмыс атқаруда және әр ұйым  өз  жоспарлары  бойынша жұмыстар  жасауда.

       2016 жылғы істелінетін жұмыстар.

      Бесмойнақ ауылының Сыдықов көшесінің тас жолымен көпірі күрделі жөндеуден  өткізілуге 75 млн теңге бөлінді.

      Дегерес селолық округінің әкімшілік ғимаратын салуға 58 млн теңге бөлінді.

       Сұңқар ауылының ауызсу құрылысының ағымдағы жұмысына 14 млн 509 мың 436 теңге бөлініп,оның 4 млн 353 мың тг игерілді.

        2016 жылдың  қаңтар айынан бастап, ауыл  тұрғыдарынан  21  өтініш  түсті. Берілген анықтамалар-  264.

        Осы жылы отбасыларынызға береке,бірлік,ырыс пен ынтымақ алып келсін.Дендеріңіз сау бастарыңызға байлық тілеймін. Еліміз тұғырлы, ауданымыз абыройлы болсын. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп  рахмет.           

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.