Навигация

Информация

Баннеры

Отчеты

Қарғалы ауылдық округі әкімінің м.а. Д. Тұрысбековтың 2015 жылға есеп беру баяндамасы

27 қаңтар 2016 жылы

Құрметті

Жандарбек Ермекұлы!

Есепті кездесудің қатысушылары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005  жылдың 6 сәуіріндегі Жарлығына сәйкес  барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді.

Өткен 2015 жылы атқарылған жұмыстарды сараптап, биылғы міндеттерімізді белгілеу үшін жиналып отырмыз.

Мемлекет тәуелсіздігінің 24 жылдығын атап өткен еліміздің нұрлы болашағы әрине, ауыл тұрғындарының өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан, ұлтымыздың алтын бесігі саналатын ауыл гүлденсе, дәуір гүлденетінін әрдайым есте ұстаған Елбасымыз бен Үкіметіміз соңғы жылдары ауылды дамытуға арнап қыруар қаржы бөлді.

2015 жылы атқарылған  жұмысымыз Елбасының Қазақстан халқына қойған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.

Істелінген жұмыстарымызға есеп беретін сындарлы сәтте, мынадай мәселелерге қысқаша тоқталып өткен дұрыс шығар деп ойлаймын.

Қарғалы ауылдық округіндегі тіркелген халықтың жалпы саны – 23 мың 060 адам. Жеке аула саны - 5 мың 500 үй, оларда 6317 отбасы тұрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 523 сәби  дүниеге келіп, 157 жас жұбайлар некеге отырды. Қайтыс болғандар саны  161 адам.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 26 жанұяға 82 балаға, 1 миллион 410 мың 253 теңге, тұрғын үй көмегі 14 жанұяға, 25 адамға 744 мың 710 теңге төленді. 13 мүгедек балаларға үйінде білім беріп оқытуына 463 мың 349 теңге, 5 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына коммуналдық қызметіне 355 мың 886  теңге,  37 Ауған соғысының  және Чернобыль оқиғасының ардагерлеріне  905 мың теңге қаражат бөлінді.

 

 

Қарғалы ауылдық округ бойынша 2015 жылғы               салықтар мөлшері:

 №

Түрі

жоспарланған

мың теңге

орындалғаны

мың теңге

пайызы

1.

Мүлік салығы

642 мың

642 мың

100

2.

Жер салығы

1 млн 198 мың

1 млн 198 мың

116

 

Кәсіпкерлік пен бизнес саласындағы адамдар тәуекелге бел буып, маңызды экономикалық міндеттерді шешіп ғана қоймай, сонымен бірге ауылымыздағы қайырымдылық шараларын дамытуға үлес қосып, әлеуметтік маңызы бар акциялар мен бағдарламаларға әрдайым белсенділік танытып отырады.

Атап айтар болсақ, мерекелерге орай жалғызбасты  қарттарға, мүгедек балаларға, туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға «Алтын Арай», «Тұяқбаев», «Алматы конфеты», «Карпенко» және тағы басқа коммерциялық құрамдардан азық-түлік салынған пакеттер  және  Құрбан айт мерекесіне орай ет беріліп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына киім-кешек, мектеп құралдары және жаңа жыл мерекесіне орай қысқы киім-кешек алып берілді.

«Қарттар күні» мерекесіне орай жалғысбасты қарттарға және ҰОС ардагерлеріне «Бақыт» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды. Жаңа жыл мерекесінде «Береке» мейрамханасында эстрада жұлдыздарының қатысуымен ауданның және ауылдың                                                   55 мүгедек балаларына мерекелік шырша ұйымдастырылып, сый тартуларымен ас берілді.

Қарғалы ауылындағы көшелердің барлығында округ әкімінің өкілдері тұрғындармен етене араласып жұмыс істейді. Жеке үйлерде, әрбір көше кварталында, көп қабатты коммуналдық тұрғын үйлерде үй комитеттерінің басшылары сайланған. Олар өз тұрмыстарына қатысты өзекті мәселелердің шешімін табуда көмек көрсетеді.

Күннен күнге көркейіп, қанат жайып келе жатқан Қарғалы ауылының тазалық жағдайы тұрғындарды ойландыруы тиіс. Биылғы жылдың көктем, жаз, күз мезгілдерінде аудан әкімінің бұйрығымен тазалық айлары болып бекітіліп, ауылға қарасты барлық мекемелер әр аптаның сенбі күні сенбілікке тұрақты шығып тұрды.

            Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 2013 жылдың 10 маусымында бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2014 жылдың қорытындысы бойынша 104 адам жұмыссыздықпен есепке алынып, оның ішінде 83 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 1 адам әлеуметтік жұмысқа қабылданып, оларға  105 мың 200 теңге, 36 адам қоғамдық жұмысымен шұғылданып, оларға 2 миллион теңге жалақы төленді, 17 адам жастар практикасы тәжірибесінен өтуге, 6 адам кәсіби оқуға жіберілді. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында төменгі пайызбен мал шаруашылығымен айналысу үшін Абдусаламов Дархан  1,5 млн., Жумабаев Айдос  1 млн. теңге  несие алды.

         Жалпы айтқанда, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған шаралардың ауқымы жылдан – жылға  кеңейе түсуде.  

         Елбасымыздың «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын орындау мақсатында   2014 жылы ауылымызға 165 млн 311 мың теңге инвестиция тартылды. ЖШС «Алматытаспром» 122 млн 254 мың,  ЖШС «ЖОЛ» 1 млн 340 мың,  ЖШС «Арайфуд» 29 млн 607 мың, ЖШС «Технис». 11 млн 900 мың инфестиция тартты. 2015 жылы тартылатын инвестиция көлемі де ауқымды, 386 млн 900 мың теңге. Атап айтар болсақ ЖК «Ш. Қуанышова» 30 млн. теңге, ЖК «Ж. Еселемес» 15 млн. теңге,  ЖШС «Орай» 75 млн. теңге, ЖШС «Никэм» 31 млн. 675 теңге, ЖК «Н. Гончорова», Алатау әмбебап базары 2 млн. теңге, ЖК «А. Кошкимбаева» 150 млн. теңге, Қарғалы АХБК 78 млн теңге, Пичкунов Сергей 2 млн. 250 мың, ЖК «Р. Альджанов» 3 млн. теңге. Егерде жоспарланған инвестициялар толығымен тартылатын болса 300-дей адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Жылдан-жылға мемлекет тарапынан әлеуметтік саланы қаржыландыру өсімі байқалады. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді дамыту жұмысы біздің келешектегі экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылықты айқындайды. Республикалық бюджеттен 239 млн теңге, қосымша мәслихаттан 40 млн. теңге бөлініп, Қарғалы №3 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттен 8 млн 939 мың теңге қаражат қарастырылып, шағын спорт алаңы салынды. 

Білім беру сапасының басты көрсеткіштерінің бірі Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары болып табылады. ҰБТ қортындылары бойынша 2015 жылы Қарғалы ауылы аудан бойынша  2 орынды иеленді, 79,7 балл. Ең жоғарғы 90,2 балды Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 гимназия мектебі көрсетті. Бұл ауылдық педагогтардың кәсіби шеберлігінің өскендігін және ауылдық мектептердегі оқыту технологияларын пайдаланудың тиімділігін көрсетеді. Мұндай нәтижелерге ауылымыздың барлық педагогикалық ұжымы  ұмтылған жөн.

         Елбасымыздың халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсарту, білім беру, денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын орнықтыру жөніндегі кешенді шаралары ортақ мақсатқа өзіндік үлес қосуымыз керектігін алға тартады.

   Осыған сай барлық мектептердің педагогикалық ұжымдары білім жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттерді абыройымен орындауға күш салуда. Қазір 5 орта мектепте 415 мұғалім жұмыс істейді. Осы аталған білім ордаларында барлығы 4 мың 997 оқушы оқиды. Өткен оқу жылында округ бойынша 211 оқушы мектепті бітірді. Оның ішінде 2 оқушы «Алтын белгі» иегері, 4 оқушы Халықаралық ғылыми жобалар жарысының жүлдегері.  Биылғы 2015-2016 оқу жылында 1 сыныпқа 414 бала қабылданып, 160 түлек мектепті аяқтайды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Қарғалы аудандық ауруханасында 45 дәрігер, 131 медбике жұмыс істейді. Науқас адамдар жатып емделетін 50 орын бар, оның ішінде 25-і терапия, 15-і гинекология, 10-ны перзентхана.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында  жаңа заманауи технологиялар енгізіліп, медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсартылуда.

Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау саласына Республикалық бюджеттен 99,5 млн. теңге қаражат қарастырылып, Қарғалы аудандық ауруханасының екінші  қабатына жартылай, үшінші қабаты  толық күрделі жөндеуден өтті.  Сондай-ақ аурухана ғимаратының сыртқы қабырғаларына әрлеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы 177 қылмыс оқиғасы орын алды, оның 102 ашылды. Қазіргі уақытта  5 учаскелік инспектор жұмыс істейді.  Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында округ аумағындағы білім беру мекемелерінде округ әкімінің, ауыл ақсақалдарының қатысуымен  жиналыстар өтікізіліп тұрады.

Рухани құндылықтарға тәрбиелеу мен дамыту ісіне қомақты үлес қосып, өздерінің тәжірибесімен бізге көмектесіп келе жатқан аға ұрпаққа, ақсақалдар Кеңесіне алғысымды білідіремін.

Аудан әкімінің халық алдында есеп беру жиналысында айтылған  ауыл тұрғындарының арыз-тілектерін орындау мақсатында Жамбыл ауданының түрғын үй коммуналдық шаруашылық және үй инспекциясы бөлімінің рұқсатымен Ә. Бейсеуов көшесіндегі қуаттылығы 100 квт Фидер 2.28 №1427 ТП-ға Гагарин көшесінің 21 үйі бөлек трансформаторға қосылды. Молдабек көшесінің тұрғындарынан түскен шағымдарына сәйкес кәсіпкерлердің көмегімен  көше жолына тас араласқан құм төселді.  Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 гимназияның  аумағын көгалдандыру  үшін арық су мәселесін шешу мақсатында Ø 70 мм  «Пластинвест»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен су құбырлары сатып алынды.   Республикалық бюджеттен 49 млн 551 мың теңге бөлініп Чайковский, Подгорная  көшелері толық күрделі жөндеуден өтті.

      Құрметті жерлестер!

2015 жылы атқарылған істер көрінісі осындай. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біздің мақсаттарымыз бүгін және алдағы уақытта да экономиканы нығайтуға және ауылымыздың халқының тұрмысын жақсартуға бағытталған міндеттерді орындауға көзделетін болады деп сенемін.

Сіздерді келген Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Жаңа жыл ырыс пен ынтымақтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болсын!

         Назарларыңызға рахмет.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.