Навигация

Информация

Баннеры

Порядок регистрации и оформления документов

Басым дақылдарға субсидия төлеу тәртібі

Басым дақылдар өсіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған  топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар төлеу тәртібі:

І. Субсидиялар алу шарттары:

1. Субсидиялар Министрлікпен келісім бойынша облыс, әкімдігінің қаулысымен белгіленген  1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша төленеді.

ІІ. Субсидия алушылар:

2. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге басым дақылдар өсіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының, оның ішінде лизинг шартының негізінде сатып алынған көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті тұқымның құнын арзандатуға (40%-ға дейін) бөлінеді.

3. субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:

а) дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар (дәндік жүгеріден басқа) бойынша – егіс науқанының қортындысы бойынша 1 гектарға 100%.

            Дәнді және дәндік-бұршақ дақылдарын (дәндік жүгеріден басқа) өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесіне еңгізілген сорттардың үшінші репродукциясынан төмен емес тұқымдарды себу шартымен төленеді.

б) майлы дақылдар бойынша – егіс науқанының қортындысы бойынша 1 гектарға 100% немесе егіс науқанының қортындысы бойынша 1 гектарға - 50%;

сатылатын немесе қайта өңдеу ұйымдарына қайта өңдеуге өткізілген, не өзінің қайта өңдеу құрылымдарына өткізілген 1 тонна майлы тұқымға - 50% төленеді;

в)  дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, көкөніс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында  өсірілетін көкөніс дақалдарын қоспағанда), жемшөптік, оның ішінде бірінші, екінші және  үшінші жылы өсіп жатқан  көпжылдық бұршақ  тұқымдас шөптер және картоп бойынша -егіс науқанының қортындысы бойынша 1 гектарға 100%.

г) қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша – жылыжай типіне қарай сараланған және уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған көкөніс дақылдарын өсіруге жұмсалған шығын нормативіне сәйкес, алынған өскін қортындылары бойынша ( 1 шаршы метрге өскен көшеттін кемінде 95%-ы) бір гектарға көзделген жылдық субсидиялар нормасы бойынша әрбір дақыл  айналамына жеке - 50%.

            Бұл ретте  жалпы қорғалған топырақтағы көкөніс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналамы субсидияланады: біріншісі – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейін және екіншісі – 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін. Дақыл айналамының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен 15 күнге ауытқуға рұқсат етіледі.

            Жылыжайлар типтері бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендері және фермерлік жылыжайлар болып бөлінеді.

            3. Шабындық және жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту (оның ішінде былтырғы жылдың күзінде) және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) – 1 гектар егіске 100%.

            4. Субсидиялар нормасы мынадай жағдайларда:

            а) көкөніс-бақша дақылдарын ашық топырақта, майлы дақылдар,  дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, картоп өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі сплинкерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсіргенде. Бұл ретте өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесі: сорғы станциясын, гидроциклонды (немесе сүзгіш қондырғыларын), гидроазықтандырғышты, қысым реттегішті ( механикалық немесе автоматты типті), су өлшегішті және тамшылатқышты бар құбыр жолдар жүйесін қамтуға тиіс;

            б) суармалы түрде көп жылдық және бір жылдық шөптерді, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші жылы өсіп жатқан көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді және шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көп жылдық шөптерді (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) өсіргенде ұлғайтылады.

            5. Субсидиялар егіс жерде өсірілетін оңтайлы мерзімде себілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының және шабындық немесе жайылымдық жерлерге шөп егіп, жаңарту және түпкілікті жақсарту үшін егілген көпжылдық шөптердің алаңдарына ғана төленеді.

ІІІ. Қажетті құжаттар тізбесі:

Дәнді және дәнді бұршақ дақылдарды (дәндік жүгеріден басқа) өндірумен айналысатын тауар өндірушілер бөлімге:

  1. Өткен жылға ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің растаған және бөліммен келісілген көшірмесін;
  2. Ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасын (сызбасының) ауыл шаруашылығы тауарөндірушілер растаған көшірмесін ұсынады.
  3. Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарының көшірмесін ауыл шаруашылығы тауарөндірушілер және бөлім куәландырады, бөлімде үш жыл сақталады.
  4. Майлы тұқымды меншікті шағын цехтарында қайта өңдеген кезде - ауыл шаруашылығы тауарөндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу – беру актісінің бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
  5. Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілер лизинг шартының негізінде ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымын сатып алған кезде субсидиялар алуға арналған ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімде қосымша лизинг шартының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

ІV. Субсидиялар төлеу тәртібі:

Бөлім аудан әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспасөз басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталу мен аяқталуы туралы хабарландыруды, комиссияның жұмыс тәртібін орналастырады.

  1. Бөлім өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және Комиссияның қарауына еңгізеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар бес жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге  пысықтауға қайтарылады.
  2. Комиссия үш жұмыс күні ішінде бөлім ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тізімін жасайды, жеткізілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемін бөледі.
  3. Субсидиялар алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егістің оңтайлы мерзімінде егіс науқаны аяқталғаннан кейін, бөлімге дақылдардың түрлері бойынша нақты себу алаңы мен мерзімдерін көрсете отырып, егіс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады.
  4. Егістің белгіленген оңтайлы мерзімі  аяқталған соң бөлім өскіндердің болуын, сондай-ақ ауыспалы егістердің сақталуын шолып тексеру  мақсатында екі апта мерзімде Комиссия мүшелерінің (келісім бойынша) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады.
  5. Тексеру қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері (келісім бойынша) үш жұмыс күні ішінде өткен жылғы күздік дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) және көп жылдық шөптерді қоса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістіктері мен екпелерін қабылдау актісін жасайды.

Қабылдау актісі үш данада жасалады, оның біреуі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде, біреуі – Комиссияда және біреуі – облыстың ауыл шаруашылығы басқармасында қалады жәнеүш жұмыс күніішінде ауданәкімі бекітеді.

Комиссия қабылдау акттісінің және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бөлімге ұсынған құжаттардың негізінде егістікті соңғы қабылдаудан кейін бес жұмыс күнінде тізімс жасайды және оны аудан әкімініе бекітуге жолдайды. Аудан әкімі екі жұмыс күні ішінде тізімді бекітеді.

Техникаларды тіркеу және рәсімдеу

  1. Қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап – 158 календарлық күн ішінде
  2. Қажетті құжаттарды тапсыруда, кезекте күту уақыты 30 минуттан аспауы керек
  3. Құжаттарды алуға кезекте күту уақыты 30 минуттан аспауы керек

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН БЕЛГІЛЕНГЕН БАЖ САЛЫҒЫ

  1. Мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым – 0,25 айлық есептік көрсеткіш
  2. Машиналарға техникалық паспорт алу үшін (дубликат) алынатын алым-0,5 айлық есептік көрсеткіш
  3. Мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгілері үшін алынатын алым – 1 айлық есептік көрсеткіш
  4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің төлемдері, банктік ұйымдар арқылы төленеді, төленген алым мөлшерін растайтын түбіртекте төленген күні көрсетіледі.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  1. Арыз
  2. Жеке тұлғалар-құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі, жеке куәлік, тұрғылықты орнынан анықтама, заңды тұлғалар-құрылтайшы құжаттары.
  3. Мемлекеттік тіркеуде, қайта тіркеу, дібликат, мемлекеттік тіркеу нөмірі, техникалық паспорт алу үшін төленген алымның құжаты қажет, есептен шыққан жарамсыз техникаларға төлемдер төленбейді.
  4. Машинаның меншіктік құқығын растайтын құжат (техпаспорт, сатып алу келісім шарты, айырбастың, сыйлықтың, есеп шот анықтамасы, сот шешімі, мұрагерлік құқығын заңмен растайтын және басқа құқығын растайтын құжаттар).
  5. Жаңадан алынған, қолдан құралған немесе ҚР аумағына әкелінген машиналардың сәйкестік сертификаты.
  6. Кедендік жүк деклорациясы (машиналарды шет елден алғанда)
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.